ТҮРКІСТАН: 40 мыңнан астам адам отандық QazVac-ты салдырған

0
568

Вакцина салдырғандар саны 900 мыңнан асты.


ТҮРКІСТАН: 40 мыңнан астам адам отандық QazVac-ты салдырған

Түркістан облысында 910389 адам екпе қабылдаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 910389 адам COVID-19 індетіне қарсы вакцина салдырған. Соңғы тәулікте 1743 адам екпе қабылдаған. Облыста екінші компонентпен (ревакцинация) 807715 адам вакцина салдырды.


Түркістан облысының 44264 тұрғыны отандық QazVac-ты салдырған. Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.


Соңғы тәулікте Түркістан облысында 29 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,20%-ды құрайды. Облыста 1 053 355 ПТР-сынамалары алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар, олардың 574-і бос. Жалпы, пандемия басталғалы Covid-19 инфекциясы расталған 14 626 жағдай тіркелді. Олардың 7474-де ауру симптомсыз өткен болатын.