ТҮРКІСТАН: 46 тұрғынүйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
340

45 көпқабатты тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстарына Республикалық бюджеттен қаржы қарастырылуда.


ТҮРКІСТАН: 46 тұрғынүйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістан қаласындағы жөндеу жұмыстарын қажет ететін көпқабатты үйлерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында 2021-2022 жылдарға 46 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы 1620 пәтер иесінің өмір сүруіне қолайлы жағдай қамтамасыз етіліп, коммуналдық инфрақұрылым жақсартылады. Оның ішінде 45 көпқабатты тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстарына Республикалық бюджеттен қаржы қарастырылуда.


Жалпы, қала ішінде жөндеуді қажет ететін 46 үйде қазірде жұмыстар басталып кеткен. Онда үйлердің сыртқы әрлеу, шатырын ауыстыру және кіре-беріс терезелерді ауыстыру, сондай-ақ, жертөледегі су және жылу құбырлары жаңарып, ауыстырылады. Қазіргі таңда 15 үйдің жұмыстары басталған. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтың тапсырмасына сәйкес, қараша айына дейін, яғни жылу маусымына дейін аяқтау жоспарланған.


Бұған дейін 2012-2018 жылдар арасында 55 үй жөндеуден өткен. Қазірде «Бекзат» мөлтек ауданы, Т. Бокин көшесі және I-II мөлтек аудандарда жалпы саны 105 үй бар.