Өзбекстан Республикасының Түркістанға тартуы.
Түркістан қаласында 5000 орынға арналған мешіттің құрылысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Өзбекстан Республикасының Түркістанға тартуы ретінде бой көтеретін құлшылық үйінің тас қалау, күмбезді монтаждау жұмыстары аяқталған. Қазіргі таңда әрлеу, монтаждау, электрмен қамту және өзге де жұмыстары атқарылуда.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев шаһардағы құрылыс нысандарын кезекті аралау барысында осы нысанның жай-күйімен танысты.