ТҮРКІСТАН: 70 мыңға жуық оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған

0
814

«Мектеп асханаларын жаңғырту» жобасы әзірленген.


ТҮРКІСТАН: 70 мыңға жуық оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған

Түркістан облысындағы мектептерде 70 мыңға жуық оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында жалпы білім беру ұйымдарының саны — 945. Бүгінде облыс мектептерінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 68409 оқушы бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтылған.


Осы орайда өңірде «Мектеп асханаларын жаңғырту» жобасы әзірленіп, жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестігі тетігімен жүзеге асыру көзделген. Аталған жоба бизнес пен мемлекет арасындағы өзара ынтымақтастыққа қолайлы жағдайды қалыптастыруға, білім ұйымдарындағы тамақтандырудың нақты стандарттарын белгілеуге және осы саладағы қоғамдық бақылауды арттыруға бағытталған.


Қазіргі таңда облыстағы 149 мектеп асханаларын жаңғырта отырып, 5 жылға пайдалануға алуды көздейтін жоба іске қосылған.Асханалардың қондырғылары, құрал-саймандар және үстелдер мен орындықтары ауыстырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, МЖӘ тетігімен қамтылған 149 мектептің мектеп асханаларында және ас блоктарында бейнебақылау камералары орнатылған.


Бөлісу