ТҮРКІСТАН: 703 мың гектар жер дәріленді

0
120

Келес ауданында кезекті штаб мәжілісін өткізді.


ТҮРКІСТАН: 703 мың гектар жер дәріленді

Түркістан облысында шегіртке зиянкесіне қарсы нақты 703 мың гектар дәріленген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінгі таңда Түркістан облысында шегіртке зиянкесіне қарсы нақты 703 мың гектар дәріленген. Оның ішінде, 367,7 мың гектары жоспарға сай жүзеге асса, 335,2 мың гектарында қосымша анықталған алқаптар бойынша жұмыс демеушілерді ұйымдастыру арқылы атқарылды.


Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жұмыс жоспарына сәйкес, Келес ауданында кезекті штаб мәжілісін өткізді.


Бақылаушылар негізгі ошақтардың жойылғанын, ендігі кезекте экономикалық зиянды шегіне жетпейтін алқаптарды тазалау жалғасып жатқанын баяндады. Арыстағы Қожатоғай ауыл округінде Басқарбек шаруашылығының аймағы, Сарыағаш ауданында Әлімтау, Жылға, Дарбаза ауыл округтерінің белгіленген аймақтары, Келесте Жиделі ауылының жайылым жерлері, Ақтөбе, Жамбыл ауыл округтерінің белгіленген аймақтары күнделікті қадағаланып, қажеттілігіне қарай химиялық өңдеу жүргізілуде. Бәйдібек ауданының Жамбыл облысы, Сарысу ауданымен шекаралас алқаптарында кезекші техникалар жұмыс атқаруда. Анықтаушылар мониторинг нәтижесімен, жалпы 437 гектар аймақты залалсыздандыруға ұсынды.


Облыс әкімінің орынбасары аудандарда анықтаушылардың қатарын толықтыруды тапсырды. Техникалардың кезекшілігі тұрақты қадағалауда болатынын ескертті. Сондай-ақ, жауаптыларға көршілес Өзбекстанмен шектесетін аймақтарды күнделікті бақылауды, зерделеу нәтижесінің есебін күнделікті тапсыруды жүктеді.

Бөлісу