Түркістан қаласының айналасындағы бау-бақша белдеуін дамыту бойынша бірқатар қолжетімді жобаларды қолға алынады.
Түркістан қаласы маңында орналсақан Шаға, Иассы, Оранғай, Қарашық және Үшқайық ауылдық округтерінде «Жасыл белдеу» жобасы жүзеге асыды, деп хабарлады ERNUR.KZ.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша, Түркістан қаласының маңында жалпы көлемі 7 мың 700 гектар құрайтын «Жасыл белдеу» жобасы жүзеге асырылуда. Қала маңындағы аумақтарды көгалдандыру болашақта рухани астанасында да, оның айналасында да жаңа микроклиматтың қалыптасуына оң әсерін тигізеді.
Осы орайда «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы Кентау қаласының әкімдігімен бірлесіп, жасыл белдеу аумағына кіретін Шаға, Иассы, Оранғай, Қарашық және Үшқайық ауылдық округтерінің кәсіпкерлерімен (шаруақожалықтарымен, жер учаскелерінің иелерімен және т.б.) кездесу ұйымдастырды. Кездесуге Түркістан облысының тәлімбақ саласында мол тәжірибесі бар «Амангелді» ЖШС және «Сарыағаш Жер Сыйы» ЖШС тәлімбақтарының өкілдері, сондай-ақ Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Сарыағаш филиалының директоры қатысты. Сондай-ақ, кәсіпкерлер бір-бірімен тәжірибе алмасты.
«ОҢТҮСТІК» АИО Басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев Түркістан қаласының айналасындағы бау-бақша белдеуін дамыту бойынша бірқатар қолжетімді жобаларды таныстырды. Мұнда өрік, жүзім, алмұрт, алма, алхоры, шабдалы және шие сияқты жеміс дақылдарын өсіру жоспарланып отырғандығын айтты. Сондай-ақ, ол бақша шаруашылығы, жүзім шаруашылығы және жидектерді өсіру бүгінгі таңда ауыл шаруашылығындағы ең тиімді бағыттардың бірі екендігіне тоқталды. Осы бағытты дамыту облыстың ЖӨӨ-ін арттырады.
Кездесу аясында тараптар бау-бақша шаруашылығы саласындағы жобаларды қаржыландыру шарттары, сондай-ақ тәлімбақтар мен институт тарапынан агрономиялық қолдау туралы егжей-тегжейлі талқыланды.