ТҮРКІСТАН: 900 мемлекеттік мектеп бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген

0
490

«Дабыл батырмаларымен» қамтуды кезең-кезеңімен шешу жоспарлануда.


ТҮРКІСТАН: 900 мемлекеттік мектеп бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген

Түркістан облысында балалардың қауіпсіздігі басты назарда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыста 900 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Ал, 2019 жылы 23 қаңтарда ҚР Білім және ғылым және Ішкі істер министрліктерінің бірлескен бұйрықпен бекітілген стандартқа сәйкес мектеп саны - 273. Бүгінде полиция департаментімен мектептегі бейне камераларды интеграциялау жұмыстары бойынша Жол картасы түзіліп, 1 қыркүйекке дейін 400 мектептің бейне камерасы қосылады. Қалған 227-і жыл соңына дейін іске асырылатын болады.


Сондай-ақ, облыстағы білім ордаларын мамандандырылған күзет пен «Дабыл батырмаларымен» қамтуды кезең-кезеңімен шешу жоспарлануда. Мектептерді ішкі әжетханалармен қамтамасыз ету мақсатында былтырғы жылдың басында жалпы 756 мектеп жоспарланған. 2020 жылы – 679, 2021 жылы 20 мектептің ішкі әжетханалары ретке келтірілді. Қалған 57 мектептің мәселесі 1 қыркүйекке дейін толығымен шешілмек.