ТҮРКІСТАН: "Адалдық алаңы" жол құрылысын қатаң бақылауға алған

0
1 070

Біршама кемшіліктерді анықтаған.


ТҮРКІСТАН:

Түркістан облыстық "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі атқарған жұмыстарды қорытындылады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облыстық «Адалдық алаңы» кеңсесі жанындағы маңызды жобаның бірі - автомобиль жолдары мен көліктік бақылау саласындағы жолдарды салуға және жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалау мақсатындағы «Сапалы жол - адалдық алаңы» жобасы.

Облыстағы 6 ауданда өткен жұмыс қорытындысы бойынша жалпы 17 кемшілік анықталып, бүгінде әкімдік пен мердігер компанияларға қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу ұсынылған.

Бұдан бөлек, кеңсе мамандары еліміздегі пандемия салдарынан жарияланған карантин кезеңінде мониторингтік жұмыстар атқарды.

Атап айтсақ 13-21 шілде аралығында облыс аумағындағы жалпы саны 648 дәріханаға мониторинг жұмыстарын жүргізілген. Жеті күн бойына жүргізілген зерделеу жұмыстары барысында 23 дәріхананың дәрі-дәрмекті шектік бағадан асырып сатқандығы және 2 дәріхананың мемлекеттік лицензиясыз жұмыс жасап келгендігі анықталып, тиісті мекемеге шара қолданану үшін құжаттар жолданған.