Төраға Түркістанда мемлекеттік қызметтің көрсетілу сапасымен танысты.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Жатқамбайұлы өңірімізге жұмыс сапары кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы барып, мемлекеттік қызметтің көрсетілу сапасымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Үзіліссіз қызмет көрсететін бұл орталық халыққа қажетті кез-келген құжатты рәсімдеуде жеделдік танытып, өңір тұрғындарына қолайлы жағдай жасап отыр. Аталмыш орталықта мемлекеттік қызметтер белгіленген уақыт регламентіне сай электрондық кезек арқылы жүзеге асуда.
Сондай-ақ төраға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жанынан құрылған көші-қон полициясына ат басын бұрды. Түркістан күллі түркі жұртшылығының атамекені әрі облыс орталығы болғандықтан, бүгінде жан-жақтан ағылған туристер ағылуда.
Шетел азаматтары мен қала қонақтарына тіркелу жағынан қызметтік көмек көрсететін орталық, ата қонысын аңсаған қандастарымыздың қоныс аударуына да қолайлы жағдай жасалғандығына көз жеткізді.
Сонымен қатар, көші-қон орталығы шетелдік азаматтардың ЖСН алу, салық төлеу, медициналық тексерістен, дактилоскопиядан өту, сақтандыру анықтамасына қол жеткізу секілді құжаттарды бір жерде, бір сағаттың ішінде рәсімдеулеріне мүмкіндіктің бары айтылды.