ТҮРКІСТАН: «Amanat» аяқталмаған құрылыс нысандарын анықтады

0
718

Партия филиалдары тарапынан тұрақты түрде бақылау жұмыстары жүргізіледі.


ТҮРКІСТАН: «Amanat» аяқталмаған құрылыс нысандарын анықтады

Түркістан облысында партиялық бақылау нәтижесінде аяқталмаған құрылыс нысандары анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Amanat» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы аясында Сайрам ауданында жаңа 2 мектептің құрылысы мен 3 білім ұясы күрделі жөндеу жұмыстарынан өтуде. Әлеуметтік нысандардың құрылысының сапалы болуы мен мемлекет қаржысының тиімді жұмсалуы мақсатында партия филиалдары тарапынан тұрақты түрде бақылау жұмыстары жүргізіледі.


Бүгін партияның Сайрам аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Алмас Әбдіқадыров бастаған партияның бақылау комиссиясының мүшелері аудандық мәслихат депутаттары Ф.Файзуллаев, С.Даванова және БАҚ өкілдері құрылыс нысандарына бақылау жұмыстарын жасады. Нәтижесінде Қарамұрт елді мекеніндегі Киров мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарының сапасыз жүргізілгендігі белгілі болды.Білім ұясының жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер мекеме «Сервис Центр-2007» ЖШС күзге дейін құрылысты аяқтауға тиіс болатын. Дегенмен, жаңа оқу жылының басталуына аз уақыт қалғанына қарамастан жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған. Оған қоса, бұған дейін атқарылған жұмыстардың сапасы да сын көтермейтіндігі анықталды.


Аталған комиссия келесі кезекте Айнабұлақ жалпы орта мектебінің құрылыс алаңына барды. Манкент ауылындағы 600 орынға шақталған білім мекемесінің құрылысы қазірше тоқтап тұр. Нысан төлқұжатына сәйкес мектеп құрылысы шілде айында басталу керек болған. Алайда, құрылыс алаңында ұзындығы 20 метрді құрайтын ордан өзге ештеңе жоқ. Енді аудандық партия филиалы тарапынан кемшіліктерге жол берген қос нысанныңжоба авторлары мен техникалық бақылаушыға, құрылысқа жауапты мердігер мекемелерге қатаң шара қолдану жөнінде Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына арнайы қызметтік хат жолданады.

Бөлісу