ТҮРКІСТАН: Арыс гарнизонының балалары «Балдаурен» лагерінде демалып жатыр

0
114

Осы ауысым «Ғылым және әлемдік өркениет» тақырыбына және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдығына арналған.


ТҮРКІСТАН: Арыс гарнизонының балалары «Балдаурен» лагерінде демалып жатыр

Арыс гарнизонының балалары республикалық «Балдаурен» лагерінде демалуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс гарнизонының әскери қызметшілерінің балалары Түркістан облысындағы республикалық оқу-сауықтыру орталығы «Балдауренге» келді. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігі арасындағы жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуді жетілдіру жөніндегі бірлескен жоспар аясында ұйымдастырылды.


Осы ауысым «Ғылым және әлемдік өркениет» тақырыбына және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдығына арналған. Арыс гарнизонынан келген он үш бала құжат рәсімінен өткен соң, жас ерекшеліктеріне сай топтарға бөлінді.


Балалардың демалысы мен қауіпсіздігін тәжірибелі тәрбиешілер мен вожатыйлар қамтамасыз етеді. Солардың бірі – Гүлсезім Қанатқызы лагерь ережелері мен дәстүрлерін таныстырып өтті.


«Біздің лагерьде балалар мен тәрбиешілер арасындағы түсіністікті арттыратын қызықты ережелер бар. Мысалы, “галстук заңы” бойынша балалар әрдайым вожатыйдың артынан жүреді, ал “твикс ережесі” – жұптасып жүруді көздейді. Мұндай қарапайым ережелер ұжымдық бірлікті күшейтеді», – дейді ол.


Келген сәттен-ақ балалар бөлмелеріне жайғасып, бірге асханада тамақтанып, лагерь өмірімен танысты. 9-сынып оқушысы Айша Темірбай алғашқы әсерімен бөлісті:


«Мұнда келген сәттен-ақ керемет күндер күтіп тұрғанын сездім. Бізді жылы қарсы алды, табиғаты тамаша – таулар ерекше әдемі. Бұл демалыс маған жаңа әсер мен достар сыйлайтынына сенімдімін», – дейді Айша.


Алдағы үш апта бойы балаларды мазмұнды бағдарлама күтеді:

шығармашылық және спорт үйірмелері,

экскурсиялар мен әскери-патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылады.


«Балдаурен» лагері жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған әскери қызметшілердің балаларын қабылдайды. Бұл Қорғаныс министрлігінің әскери отбасы институтына тұрақты түрде қолдау көрсетіп отырғанын айғақтайды.

Бөлісу