Бар ғұмырын ел игілігі мен еңбекке арнаған қарияларға құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табысталды.
Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев бірқатар тыл ардагерлерінің шаңырақтарына барып, оларды арнайы құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев бірқатар тыл ардагерлерінің шаңырақтарына барып, оларды арнайы құттықтады.
Бар ғұмырын ел игілігі мен еңбекке арнаған қарияларға құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табысталды.
Алдымен шаһар басшысы теміржол саласында ұзақ жыл еңбек етіп, зейнетке шыққан жалғызілікті тыл ардагері Лидия Дробышеваның үйінде болды. Қала әкімі қарт анамен әңгімелесіп, деніне саулық, ғұмырына береке тіледі.
Келесі кезекте еңбек ардагері Майлан Дербіс ақсақалдың шаңырағында болды. Қала әкімі ардагерді мерекемен құттықтап, ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық және отбасына амандық тіледі. Қария күтпеген құрметке алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
Мерекелік сапар медицина саласының ардагері Рахима Қосаеваның үйінде жалғасты. Кездесу барысында қала басшысы ардагерлердің жүріп өткен жолы – елдік пен ерліктің өнегесі екенін атап өтіп, анамызға ұзақ ғұмыр мен амандық тіледі.
Соңында қала әкімі Арыстың дамуына елеулі үлес қосқан қадірлі ақсақал Төлебай Яхияұлының шаңырағына барды. Кездесу барысында әкемізбен емен-жарқын тілдесіп, деніне саулық, отбасына амандық, ұзақ ғұмыр тіледі.
Өз кезегінде қазыналы қариялар көрсетілген ілтипатқа ризашылықтарын білдіріп, елге тыныштық пен береке тілеп, бата берді.