ТҮРКІСТАН: Арыста батыр аналарға құрмет көрсетілді

0
216

Қала басшысы алтын құрсақты батыр аналарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.


ТҮРКІСТАН: Арыста батыр аналарға құрмет көрсетілді

Арыс қаласының әкімі көпбалалы аналарға алтын және күміс алқаларын табыс етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес наградтталған арыстық көпбалалы аналарға алтын және күміс алқаларын табыс етті. Нақтырақ айтқанда, 7 және одан көп баласы бар үш анаға «Алтын алқа» табысталса, 6 баласы бар 21 анаға «Күміс алқа» берілді.


«Алтын алқа» белгісі ҚР ордені мәртебесіне ие. Қала басшысы алтын құрсақты батыр аналарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.


“Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ананың рөлі ерекше. Баласын елдің қызметіне лайықты азамат ретінде тәрбиелеген жан – барлық мақтауға лайық. Отбасыларыңызға амандық тілеймін”, – деді шаһар басшысы.


Төстеріне алқа таққан аналар да әкімге алғыстарын білдірді.


Айта кетейік, жыл басынан бері 146 ана «Алтын» және «Күміс» алқамен марапатталды. Қазіргі таңда қала бойынша 2634 батыр ана бар. Барлық батыр аналарға ай сайын табысына қарамастан мемлекеттен жәрдемақы беріледі. Бұдан бөлек, барлық батыр аналар қоғамдық көліктерде тегін қатынайды.

Бөлісу