ТҮРКІСТАН: Арыста қолайлы орта қалыптасып жатыр

0
305

Брусчаткалар ретке келтіріліп, ойын балалары үшін барынша жағдайлар жасалынуда.


ТҮРКІСТАН: Арыста қолайлы орта қалыптасып жатыр

Арыс қаласында «Таза Қазақстан» экоакциясы жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Акция аясында қала көшелерінің бойында орналасқан светодиодты түнгі жарықшамдарға жаппай зерделеу жұмыстары жүргізіліп, істен шыққан лампалар жаңасына ауыстырылып жатыр. Негізгі орталық көшелерде тиісті жұмыстар жүргізіліп біткен соң, ішкі көшелердің бәрінде істен шыққан түнгі жарықшам бағаналары қалпына келтірілетін болады.


Арбат демалыс аумағында орындықтарды сырлау, бұзылғандарын ретке келтіру, ағаштарды суарып, арамшөптерін шабу жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар брусчаткалар ретке келтіріліп, ойын балалары үшін барынша жағдайлар жасалынуда.


Ал «Теміржолшылар» саябағында маусым айында түнгі жарықшамдар іске қосылып, балалар үшін таптырмас ойын сауық орталығына айналды. Бұдан бөлек, саябақ аумағынан қоқыстар жиналып, полигонға шығарылуда.


Абаттандыру, тазалау шаралары Дендросаябақ, С.Адабеков саябақтарында да жалғасуда. Аталған жұмыстарды «Qazaq Real Stroy» ЖШС атқаруда.


Ал И.Ақымбеков көшесі бойындағы аллеяда автоматты суару жүйелері іске қосылып, газондарды суару жұмыстары. сонымен қатар тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатыр.