ТҮРКІСТАН: Арыста құрылысшы есірткімен ұсталды

0
1 148

ҚР қылмыстық кодексінің 296 бабының 22-ші бөлігімен айып тағылған.


ТҮРКІСТАН: Арыста құрылысшы есірткімен ұсталды

Арысқа құрылыс жұмыстарына келген жігіт есірткімен ұсталып сотталды. Арыс қаласындағы жарылыс салдарынан қираған ғимараттарды жөндеу үшін 30 маусым күні ол Жамбыл облысынан келген екен деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Арыс аудандық сотында есірткі затын иемденіп, сақтап, тасымалдағаны үшін Жамбыл облысының тұрғыны сот алдында жауапкершілікке тартылды. Оған Қазақстан республикасының қылмыстық кодексінің 296 бабының 22-ші бөлігімен айып тағылған. Арысқа 30 маусым күні келген С.Г. өзімен бірге Жамбыл облысы И.Байзақов ауданы Сарыкемер ауданы Талас өзенінің бойында өсіп тұрған екі түп есірткі затын кесіп алып келген. Оны кептіріп, ақ параққа орап, өзімен бірге тасымалдап, жеке басына пайдаланған. Есірткіге әуес жігіт 12 шілде күні түнгі сағат 01:30 шамасында «Арыс шипажайының» ауласындағы дәретханасында өзімен бірге сақтап, алып жүрген есірткі затын шеккен. Дәретханадан шыққан кезде полиция қызметкерлеріне ұсталған.

"Сотталушы С.Г.-ның қылмыстық құқық бұзушылық әрекеті өзінің мойындау жауабымен, куәлардың жауаптарымен және істегі жинақталған өзге де құжаттармен дәлелденді.Сот үкімімен сотталушы С.Г. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 80 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды,"-деп хабарлайды Арыс аудандық сотының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, үкім заңды күшіне әлі енбеген.