Әскери бөлім қызметшілерінің тарапынан болатын көмек тек қана белгілі бір күндерге емес, жылдың барлық уақытында қажеттілігіне қарай көрсетіліп келеді.
Арыс қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына әскери бөлім сарбаздары да өз үлестерін қосуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Әскерилер таң атысымен қаладағы тазалыққа жауапты қызметшілердің еңбегін бағалап, қолдарынан келгенше көмек көрсетіп, игі іске атсалысып жатыр. Бүгінде «Qazaq Real Stroy» ЖШС жол бойындағы көлік ағымына және жолаушыларға қауіп тудыратын ағаштарды санитарлық кесу, ағаш бұтақтарын жинау жұмыстарын жұмыла кіріскен.
«Бұл акцияны тек мемлекеттік қызметкерлер немесе әскери қызметшілер ғана емес, барлық қазақстандықтар болып қолдауымыз қажет. Арыстықтар табиғатты таза ұстайтын болса, ұрпаққа қалдырар таза суымыз бен ауамыз болады» дейді сарбаздар.
Айта кетейік, жыл сайын арыстық әскерилер қаланы көгалдандыру, абаттандыруға атсалысып келеді. Әскери бөлім қызметшілерінің тарапынан болатын көмек тек қана белгілі бір күндерге емес, жылдың барлық уақытында қажеттілігіне қарай көрсетіліп келеді. Осы ретте, барша тұрғындарды атқарылып жатқан еңбекті бағалап, тазалықты сақтауға шақырамыз.