ТҮРКІСТАН: Аудан әкімі тұрғындардың үйін аралап, көмек көрсетті

0
401

Сұхбаттасып, демеушілер есебінен азық-түлік себеттерін табыстады.


ТҮРКІСТАН: Аудан әкімі тұрғындардың үйін аралап, көмек көрсетті

Сарыағаш ауданының әкімі аз қамтылған отбасылардың үйлеріне арнайы барып, азық-түлік себеттерін табыстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу сауапты іс. Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев Әлімтау ауылдық округіндегі көмекке мұқтаж аз қамтылған отбасылардың үйлеріне арнайы барып, сұқбаттасып, демеушілер есебінен азық-түлік себеттерін табыстады.


Әрбір тұрғынның тұрмыс жағдайымен танысқан аудан басшысыөтініштеріне құлақ асып, пікірлерін тыңдады. Ұсыныстар мен өтініштер назарға алатынын айтты. Сондай-ақ алдағы уақытта да демеушілер арқылы тұрмысқа қажетті заттар мен әлеуметтік көмектер көрсетілетінін жеткізді.

Бөлісу