ТҮРКІСТАН: "Азаматтарға арналған үкімет" 50 баланың мектепке баруына жағдай жасады

0
1 300

"Азаматтарға арналған үкімет" Түркістан облысы бойынша филиалының қызметкерлері "Мектепке жол" қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.


ТҮРКІСТАН:

Мемлекеттік корпорацияның Түркістан облысы бойынша филиалының қызметкерлері 50 баланың мектепке баруына жағдай жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңа оқу жылы қарасаңында "Азаматтарға арналған үкімет" Түркістан облысы бойынша филиалының қызметкерлері "Мектепке жол" қайырымдылық акциясына белсене қатысты. Олар 400 мыңнан астам қаржы жинап, аз қамтылған және мұқтаж отбасылардың 50 балаларына мектепке дайындалуға көмек көрсетсе, ал корпорация бойынша 200 баланы қамтыған.

Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері Түркістан облысының қала, шалғай аудандарына барды. Балалардың ата-аналары алғыс айтты, ал балалар қуанышты болды. Жыл сайын бағаның өсуібалалардың мектепке қажетті керек-жарақтарын әперу ата-аналарға қиынға соғады.

"Акцияға корпорация қызметкерлері белсене атсалысып, игі дәстүрге айналдырған. Өйткені балалар барлығында бар. Барлық балалар жаңа сөмке, жаңа формамен мектепке барғысы келетінін білеміз. Балалар өз эмоцияларын жасыра алмайды. Балалардың жүздеріне қуаныш сыйлау біз үшін бақыт. Акция алдағы уақытта өз жалғасын табады", - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Ержан Жеңісбеков.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы акция 3 шілдеде басталып, 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Ұйымдастырушылар "Нұр Отан"партиясы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. Акцияны көптеген мемлекеттік кәсіпорындар қолдады және Мемлекеттік корпорация қызметкерлері бей-жай қалмады.

"Мектепке жол" акциясына жыл сайын біздің еліміз бойынша Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері 200-ден астам оқушыға көмек көрсетті.