ТҮРКІСТАН: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін жәрмеңкелер ұйымдастырылады

0
554

Мемлекет басшысы тапсырма берді.


ТҮРКІСТАН: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін жәрмеңкелер ұйымдастырылады

Түркістан облысында "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру" іс-шаралар жоспары, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде азық-түлік бағаларының өсуіне қатысты бақылау жасауды және тұрақтандыру қорлары арқылы азық-түлік тауарлары нарығын тұрақтандыруды тапсырды.


Осы тапсырманы орындау мақсатында Түркістан облысының әкімдігі 2021 жылға арналған "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру" іс-шаралар жоспарын бекітті.


Ресми статистикаға сәйкес 2021 жылғы 7 шілдеде республиканың 19 ірі қалаларының арасында Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі 110,8% - ды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша қала 17-орында.


2021 жылдың III тоқсанында бекітілген шекті бағалардан 15% - ға жоғары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 4 түрі бойынша өсім болды.


Олардың ішінде, күнбағыс майы - 773 теңге 47,0% - ға (шекті бағасы 526 тг), басты пияз - 85 теңге 49,1% – ға (шекті бағасы 57 тг), картоп-75,3% - ға 163 теңге (шекті бағасы 93 тг), сәбіз-251 теңге 122,1% - ға (шекті бағасы 113 тг).


Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының III тоқсанда шекті бағадан 15% - ға өсуіне байланысты, ӘМАТ бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында облыс орталығында халық көп шоғырланған сауда нүктелері мен шағын аудандарда санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылады.