ТҮРКІСТАН: Бекбол Аманжол қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды

0
80

Мемлекеттік қызмет саласында 11 жылдан астам еңбек өтілі бар.


ТҮРКІСТАН: Бекбол Аманжол қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Бекбол Аманжол Бақытжанұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының өкімімен Түркістан қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Бекбол Аманжол Бақытжанұлы тағайындалды.


Жаңа тағайындауға сәйкес, Аманжол Бақытжанұлы Түркістан қаласы әкімдігі құрылымындағы Экономика және қаржы бөліміне, Кәсіпкерлік және туризм бөліміне, сондай-ақ Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімдеріне жетекшілік ететін болады.


Аманжол Бақытжанұлының мемлекеттік қызмет саласында 11 жылдан астам еңбек өтілі бар. Осыған дейін Шымкент қаласының Инвестициялық саясат бөлімінде, Экономика және қаржы бөлімінде, құрылыс басқармасында, сондай-ақ Тұран ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.


Әзімбек Пазылбекұлы жаңадан тағайындалған орынбасарын арнайы таныстырып, алдағы атқарылар істердің маңыздылығы мен жауапкершілігіне тоқталып өтті.

Бөлісу