ТҮРКІСТАН: Бір аптада 50-ге жуық сенбілік өткізілді

0
327

«Таза Қазақстан» бағдарламасы бірнеше бағытта жүргізіліп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Бір аптада 50-ге жуық сенбілік өткізілді

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында бір аптада 50-ге жуық сенбілік өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы бірнеше бағытта жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі аппаратының мәжілісінде талқыланды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды тазалық, абаттандыру жұмыстарын жүйелі атқаруды тапсырды.


– «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты қадағалауда тұр. Тиісті міндеттер жүктелген. Жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдіктері жұмыс қарқынын бәсеңдетпеуі керек. Елді мекендерде тазалықты сақтау, экологиялық сауаттылықты көтеру, түсіндіру жұмыстары жалғаса береді. Барлық құрылым осы іске атсалысуы тиіс, – деді Дархан Сатыбалды.


Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың айтуынша, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 807 сенбілік өткізу жоспарланып, 20 маусым - 22 қараша аралығында 768 сенбілік ұйымдастырылған. 18 қараша-22 қараша аралығында 45 сенбілік өткізілген.


«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен аптада Шардара, Қазығұрт елді мекендердің санитарлық тазалығының жай-күйіне мониторинг жұмыстары жүргізіліп, стихиялы қоқыс үйінділері анықталып, оларды тез арада жою мақсатында ауыл әкімдігімен бірлесіп, арнайы техникалар мен құралдар тартылған. Өңірдегі ауылды аймақтардың экономикасын өркендетіп, тұрғындар үшiн қолайлы өмір сұру ортасын қалыптастыру мақсатында облыс әкімінің бастамасымен «Үлгілі ауыл» байқауы өтіп, жеңімпаз анықталған. Бас жүлде иегеріне, яғни Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ ауылы үшін қажетті әлеуметтік нысан анықталып, 2025 жылға аталған нысанның құрылысы үшін облыстық бюджеттен тиісті қаражат бөлу жоспарлануда.


Түркістандағы индустриалды аймақты жинап, ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекемеге, жауапты басқармалар және қала әкімдігіне бекітілген секторлардың 70 гектары аумағында ретсіз өскен өсімдіктерді тазалау, реттеу, аймақты жарықтандыру, тазалық жұмыстары атқарылған. Облыс әкім аппаратының қызметкерлері анықтаған 170 қоқыс орнының 164-і ретке келтіріліп, қалған 6 орында тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу