ТҮРКІСТАН: Биыл Құрбан айт мейрамы ерекше болып өтеді

0
2 208

Көпшілік қол күрестіріп сынға түссе, балалар батутта тегін ойнайды.


ТҮРКІСТАН: Биыл Құрбан айт мейрамы ерекше болып өтеді

Биылғы жылы Түркістан қаласында Құрбан айт мейрамы өзіндік ерекшеліктерімен аталып өтілмек, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Облысқа қарасты аудан-қалалардағы орталық мешіттерде түрлі спорттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылады. Көпшілік қол күрестіріп сынға түссе, балалар батутта тегін ойнайды.
Бұл туралы Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас имамы Мұсабек Ақтамберді мәлімдеді.
Дін өкілдері Құрбан айт мерекесінің мәнін тереңінен ашып түсінік берді. Биылғы жылы мереке 11 тамызда аталып өтілетінін жеткізіп, елдің ынтымағы мен бірлігін дәріптейтін мереке екендігін айтып өтті.
- ҚМДБ-ның пәтуасымен бірінші айт мерекесін тойлап, Түркістан облысы бойынша сағат 7:00-ден 15 минут өткен уақытта Айт намазын оқитын боламыз. Құрбан айт мерекесі елді бірлікке, ынтымаққа, шақыратын, халықтарды жақындастыратын, игілік істерді мақсат тұтқан рухани мереке, - деді бас имам.
Сондай-ақ, Арыс қаласында құрбандық шалынып, еті қаладағы тұрғындарға таратылатындығын жеткізді.
Түркістан қаласының бас имамы Жүсіпбек Қасымбеков орталық «Ықылас» мешітінде айт намазынан соң, түрлі ұлттық нақыштағы іс-шаралар ұйымдастырылатындығын мәлімдеді.