ТҮРКІСТАН: Бөтелкелесін ұрып мерт еткен күдікті ұсталды

0
862

ҚР ҚК-нің 106-бабы «Қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бойынша және​ ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша айып тағылған.​


ТҮРКІСТАН: Бөтелкелесін ұрып мерт еткен күдікті ұсталды

Жетісай қаласындағы автокөлік жөндейтін шеберхандан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Марқұмның Өзбекстан республикасының азаматы екендігі анықталды. Полицейлер шеберхананың ішкі жағындағы жатын бөлмесінде жатқан мәйітті қарау барысында оның денесінен адам қолынан болған дене жарақаттары барын анықтаған. Ізін суытпай күдікті де қолға түсті. Ол бұрын алаяқтықпен сотты болған Мақтарал ауданының тұрғыны боп шықты. Ол қайғылы оқиға болған түні жәбірленушімен бірге ішімдік ішкенін айтқан. Алкоголь ішкен екеудің арасында жанжал шығып күдікті өзбекстандық азаматты ұрып соққанын мойындаған. Тергеу барысында күдіктінің тағы бір қылмысқа қатысы бар екендігі анықталып отыр. Жетісай ауданының тұрғынынан әйелін жұмысқа орналастырып беремін деген уәдемен 600 мың теңгесін алған. "Үлкен қызметте істеймін, кез-келген жерде танысым бар" деген сөзіне иланған жәбірленуші сан соғып қалған соң тәртіп сақшыларына арызданған. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, алаяқтықпен алған ақшаны жаратып жібергенін айтып отыр.
Қазір күдіктіге ҚР ҚК-нің 106-бабы «Қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бойынша және ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша айып тағылған.