ТҮРКІСТАН: Электр желілерін жөндеу жұмыстары бақылауда

0
862

Жөндеу жұмыстары 35 қосалқы станцияларға және 205 КТП-10/0,4 кВ-ға жүргізілді.


ТҮРКІСТАН: Электр желілерін жөндеу жұмыстары бақылауда

Түркістан облысында электр желілеріне жоспардан тыс тексеру жүргізілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы аумағындағы энергетикалық кәсіпорындары кейінгі жылдары үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша электр стансaларының қуатын арттыру, ұлттық және өңірлік электр тораптарын дамыту, электр желілері мен жабдықтарды жөндеу және пайдалануды жүзеге асыру міндеттерін қолға алып отыр.

ҚР Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті облыстағы электр желілерінің жөндеу жұмыстарын бақылауға алып отыр. Қазіргі таңға дейін, облыс аумағында 110 кВ ауе желілерінің жалпы ұзындығы 125,042 км-не жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал 35 кВ әуе желісі 238,251 км, 6-10 кВ әуе желісінің 245,905 км, 0,4 кВ әуе желісінің 432,937 км-не жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары 35 қосалқы станцияларға және 205 КТП-10/0,4 кВ-ға жүргізілді.

Сонымен қатар, ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті ағымдағы жылдың 17 тамызы мен 21 тамызы аралығында, Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Н. Ноғаевтың 06.05.2020 жылғы № 177 «Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің 2020 жылдың 2 жартыжылдығына арналған жартыжылдық тізімдерін бекіту туралы» бұйрығы негізінде, «Кентау сервис» МКМ электр энергетикасы саласындағы заңнама талаптарын сақтау туралы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілді.

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу кезінде «ҚР құқықтық нормативтік актілері» бойынша бірқатар талап бұзушылықтар анықталды.

Профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу қорытындысы бойынша «Кентау сервис» МКМ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нақты мерзімдері көрсетілген нұсқама берілді.