ТҮРКІСТАН: Инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі қаралды

0
95

Кездесу барысында өңірдегі инвестициялық ахуалға тоқталып, мүмкіндіктер мен жоспарлар баяндалды.


ТҮРКІСТАН: Инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі қаралды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Шайхы Жандоспен кездесті.


Кездесу барысында өңірдегі инвестициялық ахуалға тоқталып, мүмкіндіктер мен жоспарлар баяндалды.


2025-жылдың 9 айында 33 инвестициялық жоба іске қосылып, 4793 жұмыс орны ашылған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 48 жобаға жетеді деп күтілуде. Облыста 2028-жылға дейін 111 инвестициялық жобаның пулы қалыптастырылған. Бұл межеге қол жеткізу 23 915 жаңа жұмыс орнын ашуды көздейді. 2024-жылы жүзеге асқан 16 инвестжоба 1358 азаматты тұрақты жүмыспен қамтамасыз етті.


Облыс әкімінің орынбасары қаржыландыру барысында кездесетін түйткілдерге де тоқталып, өзекті мәселелерді ортаға салды. Сондай-ақ, халық тығыз орналасқан аудандарда арнайы кеңсе ашу, несиелендіру мен қаржылық сауаттылыққа қатысты кеңес беру орталығын жасақтау жайы талқыланды.


Жандос Шайхы облысқа сапары барысында мақталы алқаптарды аралап, инвестициялық жобалардың жұмысымен танысқан.


Жыл басынан бері «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» арқылы өңірден ұсынылған құны 500,8 млрд. теңгені құрайтын 6 жоба мақұлданған. Басқарма төрағасының орынбасары Ұлттық басқарушы холдингі қайта өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым және Агроөнеркәсіптік кешен салаларына қатысты шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.


Басқосуда шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында екінші деңгейлік банктер арқылы жеңілдетілген несиелер ұсыну шарттары, құқықтық номативтері сараланды.


Кездесу нәтижесінде ынтымақтастық меморандум түзіліп, келісімге қол қойылды.

Бөлісу