Жандос Тасов бұған дейін Түркістан қаласы әкімдігінің “Құрылыс бөлімнің” басшысы лауазымын атқарған.
Түркістан облысы әкімі аппаратының бірыңғай конкурстық комиссиясының 2021 жылғы 19 ақпандағы қорытындысына сәйкес Түркістан қаласы әкімі Рашид Аюповтың Өкімімен Түркістан қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Тасов Жандос Қалмырзаұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Тасов Жандос Қалмырзаұлы - 1987 жылдың 22 қаңтарында Түркістан облысы, Түркістан қаласында туылған.
Еңбек жолын 2013 жылы “Градкомплекс” ЖШС архитекторы болып бастаған. 2013-2014 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің инспекторы, Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маман міндетін атқарушысы,
2014-2017 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің “Cәулет және қала құрылысы бөлімінің” бас маманы қызметін атқарған.
2017-2018 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі, 2018-2020 жылдар аралығы
Түркістан қаласы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімнің басшысы болған.
2020-2021 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің “Құрылыс бөлімнің” басшысы лауазымын атқарды.