Рашид Абатұлы түрлі сала бойынша атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын бақылады.
Қалада экологияны жақсарту мақсатында арықшалар құрылысы қарқынды жүріп келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шаhар басшысы құрылысын жүргізіп жатқан мердігерлермен кездесу барысында: "Бізге нәтиже қажет, бізге сапа қажет. Бастаған істеріңізді аса жауапкершілікпен, кестеге сай, талап бойынша атқарып, уақытында тапсыруларыңызды сұраймын", - дей келе, жұмысшы санын арттырып, ширатуды тапсырды.
Жалпы, қазірде "Отырар" ықшам ауданы аумағында 13 көшенің 6 көшесінде суағар жүргізілген. Қалған көшелерде де дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дің Ботаникалық бағы аумағында да R-33 каналынан Шипа су аумағына жалғасатын ирригациялық канал құрылысы жүруде. Мұндағы тасарық аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады.