ТҮРКІСТАН: Қазығұртта жаңа мектеп пайдалануға берілді

0
700

Сыйымдылығы 200 орынды құрайды.


ТҮРКІСТАН: Қазығұртта жаңа мектеп пайдалануға берілді

Қазығұрттағы Сырлысай ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қақпақ ауыл округі, Сырлысай елді мекенінде Сырлысай жалпы білім беретін мектебінің құрылысы аяқталып, халық игілігіне тапсырылды. Атаулы шараға аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы қатысты.


Сырлысай мектебінің құрылысына облыстық бюджеттен 686 млн. теңге қаралып, 2021-2023 жылдар аралығында құрылыс жұмыстары жүргізілген болатын. Сыйымдылығы 200 орынды құрайды.


Атаулы іс-шараға арнайы барған аудан әкімі ауыл тұрғындары мен мектеп ұжымын мерекемен құттықтап, қуаныштарына ортақтасты.


«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында білім саласына қолдауды күшейтуді тапсырған болатын. Ұлт болашағы саналатын білімді жастарды тәрбиелеу мен оларды оқытатын ұстаздар қауымының әлеуетін көтеру әрдайым басты назарымызда болады», – деді аудан әкімі.


Сондай-ақ мектеп құрылысын сапалы аяқтап, пайдалануға беріп отырған мердігер "Altyn LTD" серіктестігіне тұрғындар атынан алғыс айтылды.