Баспана кілті көпбалалы отбасымен мемлекеттік қызметкердің отбасына берілді.
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында екі отбасыға пәтер кілті табысталды деп, хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгін Қазығұрт ауданында жаңа жыл қарсаңында жаны жомар кәсіпкер екі жанұяға баспана сыйға тартты. Бір баспана көпбалалы отбасыға берілсе, бірі мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін отбасыға берілді. Баспананы көптен бері күткен отбасының қуанышымен Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев арнайы келіп, қуаныш иелерін жаңа қоныс тойымен құттықтады. Аталған отбасыларға шаңырақтың шаттығын тілеген Төлеген Телғараев үй жиһаздарын табыстады.
Баспана Қазығұрт ауданыдағы «Қазығұрт» шағын ауданынан бой көтерген. Аталмыш баспана 4 бөлмеден тұрады, онда суы, табиғи газы жүргізілген, сондай-ақ 15 соттық жері бар.
Ауданның жомарт жандарының бірі Сырым Ертаев бұл баспаналарды өз қаржысына салып, тұрғындардың үйлі-жайлы болып жатқандығына өз үлесін қосуда. Ал аудан басшысы болса келешекте бұндай істер мемлекет тарапынанда жалғасатын жеткізді.