ТҮРКІСТАН: Кедейлік деңгейін төмендету шаралары белсенді жүргізіліп жатыр

0
97

Табысы кедейлiк шегiнен төмен тұратын азаматтардың санын 2023 жылмен салыстырғанда 25%-ға азайту жоспарланып отыр.


ТҮРКІСТАН: Кедейлік деңгейін төмендету шаралары белсенді жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында кедейлік деңгейін төмендету шаралары белсенді жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кедейлік деңгейін 5,5%-дан асырмау және осы бағыттағы жұмыстарды күшейту жөнінде тапсырма жүктеген болатын. Қабылданған шаралардың нәтижесiнде жыл соңына дейін табысы кедейлiк шегiнен төмен тұратын азаматтардың санын 2023 жылмен салыстырғанда 25%-ға азайту жоспарланып отыр.


Жалпы облыс көлемінде аз қамтылған отбасылардың табысын арттыру және өмір сүру деңгейін жақсарту жолында жұмыстар атқарылып, әлеуметтік көмектер көрсетілуде. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, соңғы жылдары атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын төмендетудің оң үрдісі байқалады. Мәселен, Түркістан облысында биыл 116,2 мың адамды атаулы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуге бюджеттен 12,2 млрд. теңге бөлінген. 2024 жылғы 1 қарашасындағы жағдай бойынша 15 388 отбасы, яғни 92 370 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда АӘК алушылар 41,4% төмендеген. Сондай-ақ олардың ішінде еңбекке қабілетті 17 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан.


Халықтың табысын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Бұл мәселе облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының тікелей бақылауына алынған.

Бөлісу