ТҮРКІСТАН: Келесте 585,3 гектар алқапқа үшінші өнім егілді

0
1 915

20 475 тонна өнім алу жоспарлануда.


ТҮРКІСТАН: Келесте 585,3 гектар алқапқа үшінші өнім егілді

Келесте жылына үшінші өнімді алу бойынша 585,3 гектар алқапқа егіс егілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өңірдің табиғи-климаттық жағдайын, мүмкіндігін ескере отырып, 2019 жылы «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасын қолға алған болатын. Бұл жобаның келешегі биік, маңызы зор, нағыз Түркістан облысына арналған жоба.

Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің бастауымен қолға алынған алдыңғы қатарлы озық технологияны қолдана отырып жылына 2-3 өнім алу жобасы бойынша Келес ауданындағы 8 ауылдық округтен 1024,6 гектар жерге егіс егіліп, жалпы 218 шаруа қожалық аталған жобаны іске асыруда.

Бірінші айналымнан 29 162 тонна өнім жиналып, 1 млрд 312 млн.теңгенің өнімі өндірілді. Екінші айналымдағы 1 024 гектар алқаптан 30 499 тонна өнім жиналып жалпы көлемі 1 млрд 372 млн.теңгенің өнімі өндірілді.

Бүгінгі күні аудан көлемінде 3 - айналымдағы егіс бойынша 585,3 гектар алқапқа егіс егіліп, 20 475 тонна өнім алу жоспарлануда.

Жалпы Келес ауданында ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысымен ауыл шаруашылығы саласы бойынша өндірілген нақты жалпы өнім көлемі 46 млрд 874,1 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 107,3 пайызды құрады. Оның ішінде 29 млрд 046,6 млн.тг өсімдік шаруашылығына тиесілі, нақты көлем индексі 109,3 пайызды, 17 млрд 676,5 млн теңге мал шаруашылығына тиесілі, нақты көлем индексі 104,4 пайыз құрады.