ТҮРКІСТАН: Келесте ауылшаруашылығы саласына 1,5 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылған

0
459

205 197 га жайылымды минагро.кз сайтына енгізу жоспарланса, соның тең жартысы ғана орындалған.


ТҮРКІСТАН: Келесте ауылшаруашылығы саласына 1,5 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылған

Келес ауданында ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына 1 млрд 439,4 млн.тг инвестиция тартылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округі әкімдері қатысқан келелі жиында 4 мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша баяндаған аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Жанболат Серікбай бөлім тарапынан атқарылған жұмыстарды атап өтті. Бөлім басшысының сөзіне сүйенсек, ағымдағы жылдың 9 айында 40 млрд 950,0 млн.теңге өнім өндіру жоспарланған болса, нақты 44 млрд 075,7 млн.теңгенің өнімі өндірілген.


Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына бүгінгі таңда 1 млрд 439,4 млн.тг инвестиция тартылды. Атқарылған жұмыстармен қатар, кемшіл тұстарда айтылды. Атап айтқанда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында барлық жайылым алқабы бойынша ағымдағы жылы 205 197 га жайылым алқаптарды минагро.кз сайтына енгізу жоспарланса, соның тең жартысы ғана орындалған. Өз кезегінде аудан әкімі Ақментай Үсенұлы аталған олқылықтың орнын толтыру бойынша нақты шараларды атқаруды тапсырды.


Жиын барысында аудандағы кәсіпкерлік саласында атқарылған жұмыстар мен қатар, Абай ауылы және Біртілек ауылдық округіндегі өзекті мәселелер тыңдалды. Сонымен қатар, аудандағы арыз, шағымдардың қаралуы барысы сөз болды.