ТҮРКІСТАН: Келесте каналдар механикалық тазалаудан өткізіліп жатыр

0
715

Барлық су жүйелерінің ұзындығы 1051,2 шақырымды құрайды.


ТҮРКІСТАН: Келесте каналдар механикалық тазалаудан өткізіліп жатыр

Дархан Сатыбалды көктемгі дала жұмыстарын тиімді ұйымдастыру және шаруаларды ағын сумен қамту бағытында тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды көктемгі дала жұмыстарын тиімді ұйымдастыру және шаруаларды ағын сумен қамту бағытында тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеген болатын.


Сондай-ақ, «Тұран су» мекемесі мен аудан, қала әкімдіктеріне шаруааралық каналдарды, механикалық тазалау жұмыстарына қажетті техникаларды жұмылдыруды тапсырды. Осы тапсырма аясында Келес ауданында су арналарын тазалау жұмыстары жүзеге аспақ. Бұл ретте «Тұран су» ШЖҚ МКК арнайы техникалары тоқтаусыз жұмыс атқаруы көзделген.


«Бүгінде Келес ауданындағы ағын су жүйелеріне зерделеу жүргізе келе механикалық тазалауды қатты қажет ететін аумақты тазалау жұмыстары басталды. Сонымен қатар, «ҚазСуШар» РМК мекемесі өз теңгеріміндегі В-15, В-24 және Аққойлы каналдарының 12 шақырымын тазалауды бастап кетті. Жоспарлы жұмыстар жалғасады», - дейді аудандық су шаруашылығы мекемесінің директоры Жасұлан Қылышбаев.


Келес ауданында коммуналдық меншіктегі ұзындығы 157 шқ құрайтын каналдар механикалық тазалаудан өткізіледі. Бұл жұмыстар су беру маусымында өз тиімділігін көрсетіп, егістікке баратын ағын су шығынын азайтуға мол септігін тигізеді.


Айта кетейік, Келес ауданы бойынша жалпы 148 канал, 144 қашыртқы орналасқан. Барлық су жүйелерінің ұзындығы 1051,2 шақырымды құрайды.