ТҮРКІСТАН: Келесте шегірткемен күрескендер марапатталды

0
1 143

Келес ауданы бойынша 4078 га химиялық залады аймақ анықталып​, химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп зиянкестердің көзі жойылған.​


ТҮРКІСТАН: Келесте шегірткемен күрескендер марапатталды

Түркістан облысы, Келес ауданында Марокко шегірткесіне қарсы дәрілеу жұмыстарында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шегіртке зиянкестерінің ошақтарын анықтау, оларды жоюды сапалы әрі уақтылы аяқталу үшін Келес ауданы әкімдігі тарапынан арнайы жұмысшы топ құрылған болатын.

Нәтижесінде Келес ауданы бойынша 4078 га химиялық залады аймақ анықталып, химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп зиянкестердің көзі жойылған.

Осы атқарылған жұмыстарға байланысты Келес ауданы Бірлік ауылдық округінің Мәдениет үйінде Келес ауданы әкімдігі тарапынан құрылған жұмысшы топ өкілдері аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Салтанатты шараға аудандық Кәсіпкерлік және ауылшарушылығы бөлімі басшысының орынбасары Мадияр Әшірбаев арнайы барып, аталаған мекеме қызметкерлеріне аудан әкімінің алғыс хатын табыстады. Жиынға Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы РММ-нің Келес ауданық филиалы басшысы Ақылбек Жұматай, ауылдық округтер әкімдері және ауылшаруашылық саласына жауапты мамандар қатысты. Жиын барысында М.Әшірбаев жұмысшы топ өкілдеріне қажырлы еңбегі үшін аудан әкімі атынан алғысын айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.