ТҮРКІСТАН: Келестегі ауруанаға сандық маммографиялық рентген аппараты орнатылды

0
1 012

Науқастың ағзасын жан-жақты зерделеп және дәлме-дәл анықтай алады.


ТҮРКІСТАН: Келестегі ауруанаға сандық маммографиялық рентген аппараты орнатылды

Келес ауданындағы орталық ауруханаға жаңа сандық маммографиялық рентген аппараты орнатылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Келес аудандық орталық ауруханасына италиялық «GIOTTO IMAGE» фирмасының жаңа сандық маммографиялық рентген аппараты орнатылды. Бұл құрылғы сезгіштігінің жоғарылығымен, сәулелік күшінің төмендігімен және науқастың ағзасын жан-жақты зерделеп және дәлме-дәл анықтай алатынымен ерекшеленеді.

Аурухананың онколог дәрігері Ерболат Дүйсехановтың сөзінше, заманауи аппараттың көмегімен науқасты стационарлық және амбулаторлық жағдайда тексеруге болады.

«Бұл аппарат дер кезінде, анық диагноз қоюға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда, бұл құрылғыны 2 маманымыз меңгеріп алды. Олар құрылғының мүмкіндіктерін толық білу үшін арнайы оқу курсынан өтті. Бұл құрылғымен скрингтік жастағы азаматшаларды тексеретін боламыз. Сүт безі қатерлі ісігіне кез-келген нәзік жанды шалдығуы мүмкін. Әсіресе, мұндай дерт көбінесе 55 жастан асқан әйелдерде кездеседі. Сондықтан, дәрігер кеңесіне сүйеніп, аурудың алдын алу жолдарын ұсынамыз», – деді Е.Дүйсеханов.

Айта кетейік, медицина қызметкерлері алдағы уақытта елдімекендерді аралап скрингтік жастағы әйелдердің тізімін жасақтап, оларды маммографиялық рентген аппаратынан тексеруден өткізуді жоспарлап отыр.