ТҮРКІСТАН: Келестік диқандар қарбыз экспорттап жатыр

0
867

22 тонна өнімді өткізіп үлгерді.


ТҮРКІСТАН: Келестік диқандар қарбыз экспорттап жатыр

Келестік қарбыз керуені экспортқа жол тартты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданында қарбыз пісіп, еліміздің ірі қалаларына және шет мемлекеттерге экспортталуда. Аудан орталығынан шалғайда орналасқан Бозай ауылдық округіндегі «Әбіл» шаруақожалығы 40 гектар аумаққа қарбыз өнімін егіп, бүгінде жемісін көруде. Бүгінгі таңда шаруа Нұрлан Мұстаев 22 тонна өнімді өткізіп үлгерді.


«Қыстың соңына қарай үй алдындағы жылыжайға қарбыздың дәнін егіп, көшет күйіне жеткіземіз. Көктемнің жайма-шуақ күндерінде Сыр бойындағы егіндік алқабымызға егіп, көктемнің соңғы күндеріне өнімді дайындап келудеміз. Қарбыз өнімі 3 айда дайын болады. Жер аумағымызды тұрақты бақылауда ұстауымыз үшін жергілікті 5 адамды жұмыспен қамтыдық», - дейді «Әбіл» шаруақожалығының төрағасы Нұрлан Сапарқұлұлы.


Бұл шаруашылықпен кәсіпкер көп жылдан бері айналысып, өнім өндірудің қыр-сырын терең меңгеріп үлгерген. Өңірімізде өндірілген өнім, еліміздің өзге облыс орталықтарына жөнелтілуде.