Кешкісін субұрқақ түрлі түсті жарықшамдар арқылы қызыл, жасыл, сары кейіпке енеді. Әзірге облыс аумағында жоқ, теңдессіз субұрқаққа келіп суретке түсушілер көп.
Түркістан облысы, Кентау қаласында заманауи субұрқақ іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажановтың бастамасымен қолға алынған игі іске қала кәсіпкерлері қолдау көрсеткен. Жастар орталығы алдында орналасқан ескі фонтанға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, халық игілігіне тарту етіп берілді.
Жаңа кейіпке енген субұрқақ кешкісін түрлі-түсті жарықшамдар арқылы қызыл, жасыл, сары түске боялып, қала көркі ажарлана түсті. Әзірге аталмыш субұрқақ облыс аумағында жоқ, теңдессіз субұрқаққа келіп суретке түсушілер көп.
Тың жаңалық тұрғындарды өте керемет әсерге бөлеп отыр.
"Бұрын бұл субұрқақ маңынан ай өтіп кететінбіз. Ал, қазіргі күнделікті осындамыз. Салқын ауа, жанға жайлы мекенгеайналып отыр. Фонтан атқылап, музызка көңілімізді көтеруде. Серуендеп келушілер көп. Қала халқы үшін игі істің басы-қасынан табылған қала басшылығына, кәсіпкерлерге алғыс айтамын", - дейді қала тұрғыны Раушан Қалыбаева.