ТҮРКІСТАН: Кентаулықтар республикалық робототехника сайысында бас жүлде алды

0
583

Robo Sumo, Биатлон, RoboKids категориялары бойынша бақ сынасты.


ТҮРКІСТАН: Кентаулықтар республикалық робототехника сайысында бас жүлде алды

Кентаулық оқушылар «RoboPark Liga x 2025» республикалық робототехника жарысында бас жүлдені иеленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласындағы «Kentau Smart Hub» Жасанды Интеллект мектебінің оқушылары Шымкентте өткен «RoboPark Liga x 2025» республикалық робототехника жарысында бас жүлдені иеленді. Аталған білім ошағы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен Кентау қаласы әкімдігінің қолдауымен ашылған болатын.


Кіл мықтылар жиналған сайысқа Түркістан, Алматы, Тараз, Қызылорда және Ақтөбе облыстарынан ең үздік командалар қатысып, Robo Sumo, Биатлон, RoboKids категориялары бойынша бақ сынасты.


Бұл жеңіс — оқушылардың қажырлы еңбегі мен ұстаздардың кәсіби бағыт-бағдарының және ата-аналардың қолдауының айқын нәтижесі.


Бүгінде заманауи технология қарыштап даму үстінде. Жасанды интеллектті дамыту және оны пайдалана білу қоғамға оң мүмкіндіктер берері анық.

Бөлісу