ТҮРКІСТАН: Қоғамдық-саяси тұрақтылық мәселелері талқыланды

0
220

Жиында бірқатар басқарма өкілдері қоғамдық-саяси ахуал бойынша баяндама жасап, өңірдегі өзекті мәселелер мен олардың шешу жолдарын талқылады.


ТҮРКІСТАН: Қоғамдық-саяси тұрақтылық мәселелері талқыланды

Түркістан өңіріндегі қоғамдық-саяси тұрақтылық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өңірдегі қоғамдық-саяси даму мәселелері талқыланған жиын өтті. Облыс әкімінің орынбасары қоғамдық-саяси ахуалды бақылауда ұстап, дер кезінде тиісті шараларды атқару керектігін баса айтып, этносаралық бірлікті сақтау, тұрғындармен тығыз байланыс орнату қажеттігін жеткізді.


– Бүгін өзекті мәселелер талқыланып отыр. Ел бірлігін сақтау, тұрақтылықты нығайту бағытындағы жұмыстар тоқтамауы тиіс. Әр басшы өзі жауапты саланы терең зерттеп, сапалы жұмыс атқарсын, – дегенЕртай Кенжебекұлы осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.


Жиында бірқатар басқарма өкілдері қоғамдық-саяси ахуал бойынша баяндама жасап, өңірдегі өзекті мәселелер мен олардың шешу жолдарын талқылады. Сонымен қатар басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдерінің орынбасарларына тиісті тапсырмалар берілді.

Бөлісу