Талай спортшылардың күш-жігерлерін сарапқа салған жарыста текті əрі үздік сəйгүліктер де анықталды.
Ордабасы ауданы көкпардан ересектер арасында Түркістан облысының чемпионы, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында ұлттық спорт түрлерін əлемдік деңгейде дамыту ересектер арасындағы Түркістан облысының чемпионаты және «Зиябек Жеткеровтың» жүлдесіне арналған облыстық турнир аяқталды.
Сайрам ауданындағы Ақсуат атшабарында өткен бұл жарысқа облысымыздың кілең мықты шабандоздары қатысты. Аса тартысты өткен облыс чемпионатына 6 команда қатысып, бақтарын сынады. Атап айтқанда, Сайрам, Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт, Ордабасы, Бәйдібек аудандарынан жүректі де білекті көкпаршылар өзара мықтылықтарын көрсетті. Жарыс барысында Ордабасы ауданының құрама командасы бас жүлдені қанжығаларына байласа, Түлкібас ауданының көкпаршылары күміс жүлдені иеленді. Ал, Қазығұрт ауданынан келген жігіттерге қола жүлде бұйырды. Көкпардан КСРО-ның тоғыз дүркін жеңімпазы спорт ардагері Əбілхан Дауылбаев бұл турнирдің маңызды екендігін айтты.
Бұл жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырған облыстық спорт басқармасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді арнайы диплом, медальдарымен және Зиябек Жеткеров ағамыздың ақшалай жүлделерімен марапаттады. Сондай ақ «Үздік салымшы» номинациясымен ордабасылық палуан Нұрлыбек Асқаров иеленсе, ал «Үздік қорғаушы» атанған түлкібастық Мамыт Әділет көпшілікті өнерімен тəнті етті. Кезінде көкпардан сынға түсіп, талай жарыстарды жеңіске жеткен Зиябек Жеткеров ұлттық спортымызды жастар арасында кеңінен өркендету керек екендігін сөз етті.
Талай спортшылардың күш-жігерлерін сарапқа салған жарыста текті əрі үздік сəйгүліктер де анықталды. Атақты Резви аты «Үздік сәйгүлік» атанды. Ал, біраз жылдан бері төрешілік ететін Жанбатыр Бекмұсаев «Үздік төреші» номенациясымен марапатталды.