Жолдарды және жол жабындыларын ластаған 7 тұлғаға айыппұл салынды.
Түркістанда көше бойына 2 тоннаға жуық құрылыс қалдығын тастаған тұрғын жауапқа тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласының полицейлері 2 күн бойы «Тазалық» рейдтік іс-шарасын өткізіп, 168 құқықбұзушылықты анықтады. Оның ішінде ортақ пайдаланатын орындарды ластау бойынша 146 жайт тіркелді. Абаттандыру қағидасын бұзған 3 тұрғынға айыппұл салынса, 12 тұрғынға ескерту берілді. Ал жолдарды және жол жабындыларын ластаған 7 тұлғаға айыппұл салынды.
Мәселен полиция 18 қараша күні облыс орталығы көшелерінің бірінен құрылыс қалдықтарын байқады. Бірден тексеру шараларын жүргізіп, абаттандыру қағидаларын бұзған жергілікті тұрғынды анықтады. Ол үйіне жүргізілген жөндеу жұмыстарынан кейін 2 тоннаға жуық қалдықты көше бойына тастай салған. Қала тазалығына нұқсан келтірген тұрғынға заң талаптарына сәйкес 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Бұл іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында өткізілді. Мақсат – қала аумағында абаттандыру және ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың алдына алу, нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыру. Іс-шараға поициямен қатар әкімшілік қызметкерлері, мемлекеттік мекемелер, көпқабатты тұрғын үй тұрғындары мен кәсіпкерлік нысан иелері және еріктілер қатысты. Бұл бағыттағы шаралар өз жалғасын таба бермек.