ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған Жолдауын түркістандықтар, тікелей эфир арқылы тамашалады.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтаудан кейінгі халық алдында алғашқы Жолдауын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Президент өз жолдауында халықтың әлеуметтік-экономикалық, саясаи жағдайын арттыру бойынша басқару органдары мен Парламентке тапсырмалар берді. Кезекті Жолдауды зор ықыласпен қабыл алған түркістандықтар, тікелей эфир арқылы тамашалады.
Жиынға «Nur Otan» партиясы, Ардагерлер ұйымы, ұстаздар, кәсіподақ ұйымы, Үкіметтік емес ұйымдар, қоғам белсенділері мен жастар қатысты. Сондай-ақ, Жолдауды облыстағы аудан, қала әкімдік қызметкерлеріде зейін қойып, ықыласпен тыңдады. Облыста Кәсіпорын, мекеме басшылығы қызметкерлерінің қатысуымен коллективті көрсетілім ұйымдастырылды. Облыс әкімдігінде өткен ұжымды көрсетілімде облыс әкімінің орынбасары Сакен Қалқаманов аудандарда халыққа ақпараттық түсіндіру топтарын құруды және медиа жоспарды дайындауды тапсырды.
Жалпы Түркістан облысы бойынша 16 қала/ауданда, 26 облыстық басқармалар мен ірі кәсіпорындарда Жолдаудың ұжымдық көрсетілімі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Жолдауды жергілікті халыққа түсіндіру бойынша 5 ақпараттық насихат тобы құрылды. Ақпараттық насихат топтардың құрамына облыс әкімі орынбасарлары, басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, сарапшылар енгізілді.
Осы орайда, барлық деңгейдегі әкімдер, халық қалаулыры, жастар, ардагерлер, құзырлы органдар, қоғамдық ұйымдар, барлық сала белсенділері Президенттің Жолдауын халыққа кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізіп, барлық басымдықтарының жоғары деңгейде жүзеге асырылуына белсенді атсалысатын болады.