2018 жылғы дейін аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан 2 кент және 28 елді мекен оңайлатылған бас жоспармен қамтылған болатын.
Биылғы жылға Мақтаарал ауданында тағы 39 елді мекеннің бас жоспары әзірленіп, көркейту, абаттандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
2018 жылғы дейін аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан 2 кент және 28 елді мекен оңайлатылған бас жоспармен қамтылған болатын. Ал, биыл қалған 39 елді мекенді бас жоспармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Мырзакент кентінің аумағын ұлғайтуға арналған 160 гектар жер теліміне және Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жамбыл елді мекенннің аумағындағы "Атамекен" кеден бекеті маңындағы 45 гектар жер телімдеріне де егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы жасалынуда.
Ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі Мырзакент кенті Қожанов көшесі бойын көгалдандыру, абаттандыру және жарықтандыру бойынша эскиздік жобасын дайындаған. Сонымен қатар, Мырзакент кентіндегі орталық аллея, аудандық мәдениет үйі, орталық саябақ, "Жеңіс" алаңына және Жаңа жол ауылдық округіне қарасты Ақжол елді мекеніндегі Қазыбек би көшесін абаттандыру, жарықтандару үшін эскиздік жобалар әзірленіп, аудан әкімдігіне ұсынылған.