ТҮРКІСТАН: Мақтааралда Ұлы Жеңіске арналған мерекелік шара өтті

0
2 190

Сонау жылдардағы қанды қырғын әкелген қасірет қаншама ананы баласынан, қаншама баланы әкесінен айырды. Сонда да болса көзсіз ерліктер мен қайсарлық елімізге жеңіс әкелді.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда Ұлы Жеңіске арналған мерекелік шара өтті

Мақтаарал ауданында Ұлы Жеңістің 74 жылдығы, Отан қорғаушылар күні мерекесінде жоғары деңгейде аталып өтті. Салтанатты мерекеге аудан басшылары, Ұлы Отан соғысы ардагерлері, Ауған және жергілікті соғыс ардагерлері қатысты. Қанды қырғын жылдарынан театрландырылған көріністер қойылып, аудан өнерпаздарының мерекелік ән шашуларына ұласты деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аудандағы мерекелік іс-шара орталық алаңдағы мәңгілік алауға қан майданда қаза тапқан ардагерлерді еске алып, гүл шоқтарын қоюдан басталды. Сонан соң аудан өнерпаздары тарапынан толарсақтан қан кештірген қасіретті соғыс жылдарынан театрландырылған көріністер қойылып, әскери патриоттық әндер шырқалды.
Ал, аудан әкімі Бақыт Асанов мырза айтулы мерекемен жиылған жұртшылықты құттықтап, салтанатты шараны ашып берді.
1418 күнге созылған қайғы қасіреті мол ІІ Дүние жүзілік соғысқа Мырзашөл топырағынан 13 мыңнан астам сол кездегі жалындаған жастар аттанса, солардың небәрі 3932-сі ғана елге оралған. Олардың ішінен 12 ардагер кеңес Одағының Батыры атағына ие болған. Олар кешегі сұрапыл соғыста өлімге қарсы қасқая тұрып, жас өмірлерін ұрпағының бақыты үшін пида етті.
Шара барысында мектеп оқушылары мен 2037 әскери бөлімінің сарбаздары әскери ұрыс қимылдары мен қоян-қолтық жекпе-жек тәсілдерін көрсетіп, өздерінің нағыз отанына қорған бола алатындығын дәлелдеді.


Ия, 4 жылға созылған сұрапыл соғыста от кешіп, кеудесін оққа төсеген соғыс ардагерлердің ерліктері ел есінде мәңгіге сақталып қала бермек. Соғыс зардабы ғасырдан ғасырға жетерлік ауыр қасірет болса, ата-бабамыздың майданда көрсеткен жанқиярлық пен Отансүйгіштік қасиеттері бүгінгі ұрпақ үшін мәңгілік үлгі – аманат болып қалмақ.