​ТҮРКІСТАН: Мақтааралдықтарға Жолдау насихатталды

0
1 437

Түркістан облыстық ақпараттық-насихаттық топ мақтааралдық жұртшылықпен кездесті.


​ТҮРКІСТАН: Мақтааралдықтарға Жолдау насихатталды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиев Мейіржан Иябайұлы бастаған ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Мақтааралдық жұртшылықпен жүздесіп, мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіріп, талқылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алғашқы Жолдауын тұрғындарға түсіндіру, талдау, қолдау білдіру мақсатында өткен жиынға аудан тұрғындары мен кәсіпкерлер, мекеме басшылары мен шаруа қожалық төрағалары, БАҚ өкілдері қатысты. Басқосуды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиев Мейіржан Иябайұлы өз баяндамасымен бастап, жолдауда ел президенті тоқталған басым бағыттар мен межеленген жоспарларды орындау, дамыған елдердің арасында бәсекелестікке қабілетті болу мәселелеріне тоқталды. Соның ішінде, әсіресе, кәсіпкерлік, салауатты өмір салтын насихаттау, мәдениет, ауыл шаруашылығы салаларында атқарылған, атқарылатын жұмыстардың барысына тоқталды.

Сонымен қатар, жиында Түркістан облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Панов Ержан Насруллаұлы мен философия ғылымдарының магистрі Қожахмет Алмасбек Ержанұлы сөз сөйлеп, жастарға Жолдауда жүктелген негізгі міндеттер мен атқарылар жұмыстардың барысы, білім мәселелері айтылды.

Жиын соңында Мақтаарал ауданының әкімі, “NurOtan” партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы Бақыт Асанов ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырып, Жолдауда жүктелген міндеттерді сапалы орындау, жүзеге асыруда мақтааралдықтардың аянып қалмайтындығын айтып, мемлекеттік саясатты қолдайтындығын жеткізді.