ТҮРКІСТАН: Маңғыстау облысына көмектескен азаматтар марапатталды

0
709

Маңғыстау облысына 4 вагон шөп жіберген болатын.


ТҮРКІСТАН: Маңғыстау облысына көмектескен азаматтар марапатталды

Арыс қаласының әкімі белсенді азаматтарды марапаттады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова мен қалалық мәслихаттың хатшысы Амантай Байтанаев қуаңшылықтан зардап шеккен батыстық ағайындарға қол ұшын созып, көмек ұйымдастыру кезінде белсенділік танытқан бір топ азаматты қабылдады.


Айта кетейік, маусым айында Арыс қаласының белсенді азаматтары мен кәсіпкерлері өзара ұйымдаса келе Маңғыстау облысына 4 вагон шөп жіберген болатын. Кейінірек, жергілікті азаматтар іргелес аудандардан жиналған шөпті «Қос түйін» темір жол тұйығына қойылған ондаған вагонға артып, Маңғыстау облысына аттандырылуына атсалысты.


Қиын-қыстау кезеңде батыстағы жағдайға бей-жай қарамаған арыстық азаматтардың осындай әрекетін Маңғыстау облысының әкімдігі де елеусіз қалдырмады. Алғыс хатпен марапаттау шара аясында қала әкімі Гүлжан Мамытқызы жанашыр азаматтарға жүрекжарды лебізін жеткізіп, алғысын білдірді.