TURKISTAN MARATHON-2025: Түркістанда бірнеше жол уақытша жабылады

0
85

20-дан астам елден 3000 қатысушы келеді


TURKISTAN MARATHON-2025: Түркістанда бірнеше жол уақытша жабылады

26 қазанда «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен төртінші халықаралық Turkistan Marathon өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2025 жылдың 26 қазанында «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен төртінші халықаралық Turkistan Marathon өтеді. Марафонға Түркі халықтарының марафон альянсына (TAN) мүше және оған 20-дан астам елден 3000 қатысушы келеді, олардың ішінде 2900-ы – өзге қалалар мен елдерден арнайы келетін спортшылар.


26 қазан күні сағат 7:20-ден 14:00-ге дейін марафон қашықтықтары өтетін жол учаскелерінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Қатысушылардың жарыс жолын еңсеруіне қарай жолдар кезең-кезеңімен ашылады.


Сөре мен мәре аймағы «Karavan Saray Turkistan» тұрақ аумағында орналасады. Осыған байланысты Тұтқабаев көшесі мен Бекзат Саттарханов даңғылынан Әл қожа Ата көшесіне дейінгі жол бөлігі 25 қазан күні сағат 9:00-ден 26 қазан күні сағат 20:00-ге дейін жабылады.


26 қазанда «Karavan Saray Turkistan» айналасындағы Әл Қожа Ата, Батырбеков көшелері және Бекзат Саттарханов даңғылы бойындағы қозғалыс 7:20-дан 09:10-ға дейін толық тоқтатылады.


Бекзат Саттарханов даңғылы мен Тұтқабаев көшесінен Есім хан даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы 8:15-тен 14:00-ге дейін толық жабылады.


Есім хан даңғылымен Бекзат Саттарханов даңғылынан әуежайға дейінгі аралықта қозғалыс 8:40-тан 13:20-ға дейін ішінара шектеледі. Даңғылдың солтүстік жағы көліктердің өтуі үшін ашық болады.


Естеріңізге сала кетейік, 2025 жыл 26 қазан, жексенбі күні өтетін Turkistan Marathon-2025 өңірдің этно-мәдени мұрасын бейнелейтін ірі спорттық оқиға болмақ.


Биылғы іс-шарада төрт негізгі қашықтық ұсынылады: 42,2 шақырым, 21,1 шақырым, 10 шақырым, 10 шақырым скандинавиялық жүріс, сондай-ақ 10-14 жас аралығындағы балаларға арналған 3 шақырым қашықтығы.


Turkistan Marathon – Халықаралық марафондар мен қашықтықтық жүгірулер қауымдастығының (AIMS) мүшесі. AIMS құрамында әлемнің 111 елінен 446-дан астам марафон бар. AIMS мүшелігінің басты талаптарының бірі – трассаның World Athletics және AIMS ұйымдарының қатысуымен өтетін халықаралық сертификатталуы. AIMS мүшелігі марафонның халықаралық деңгейде мойындалғанын білдіреді және шетелдік қатысушыларды тартуға мүмкіндік береді.


Turkistan Marathon-ның AIMS ресми күнтізбесіне енгізілуі – шараның әлемдік стандарттарға сай ұйымдастырылғанын және жаһандық жүгіру қауымдастығының назарында екенін көрсетеді. Сонымен қатар Turkistan Marathon түркі елдерінің ірі марафондарын біріктіретін TAN (Turkic Alliance of Long Runs) сериясының бөлігі болып табылады.


Сөре уақыты:

07:30 – 3 шақырым (10-14 жас аралығындағы балалар)

08:20 – 42,2 шақырым қатысушыларының сөресі

08:25 – 21,1 шақырым қатысушыларының сөресі

08:40 – 10 шақырым және скандинавиялық жүрістің сөресі

Қосымша мәліметтер: +7(727) 311-51-85, +77074014379


Turkistan Marathon Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.


Титулдық демеуші: Kaspi.kz.


Almaty Marathon ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «Krida» фитнес-клубы және Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры

Бөлісу