ТҮРКІСТАН: Мәслихат депутаты сайлаушылардың талап-тілегін тыңдады

0
229

Тұрғындармен жүздесіп, өзекті мәселелерді талқылады.


ТҮРКІСТАН: Мәслихат депутаты сайлаушылардың талап-тілегін тыңдады

Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты сайлаушылармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданы – жыл өткен сайын дамудың даңғыл жолына түсіп келе жатқан өңір. Мұнда депутаттардың белсенділігі, әсіресе ауылдағы инфрақұрылымдық мәселелерді шешудегі ықпалы зор.


Соның бірі – Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты Ерғали Аманбаев. «AMANAT» партиясының іскер де, белсенді депутаты ауданның әлеуметтік нысандарын аралап, сайлаушылармен кездесті.


VIII шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаты Шақпақ, Алғабас ауылдық округтерінде болып, тұрғындармен жүздесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Жергілікті жұртшылық депутат еңбегін жоғары бағалап, ауыл үшін атқарған игілікті ісіне өз ризашылықтарын білдірді.

Бүгінде Ерғали Аманбаев жарық, жылу, жол және өзге де әлеуметтік нысандарға қаржы бөлінуіне атсалысып, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға үлес қосып келеді.


Ағыбет ауылдық округте 4 елді мекен орналасқан, жалпы халық саны – 2421 адам. Мұнда жаңадан салынған білім нысандары, жаңа жол, әсіресе пайдалануға берілген медициналық ғимарат тұрғындардың игілігіне қызмет етуде. Жергілікті халық денсаулық саласына жасалған қолдау үшін депутатқа алғыс айтты.


- Бұрын сырқаттанған жағдайда аудан орталығына жүгіретін едік. Енді ауылдың өзінде сапалы медициналық қызмет алуға мүмкіндік бар. Бұл – үлкен жеңілдік,- деді ауыл тұрғыны.

Ерғали Аманбаев 1984 жылы Бәйдібек ауданының Ағыбет ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді, аудан өміріне белсене араласатын ол бүгінде аудандық мәслихат депутаты ретінде елге адал қызмет етіп келеді. Тұрғындар оның іскерлігін алыстан емес, өз ауылдарынан-ақ байқап отыр.


Кездесу барысында Боралдай ауылындағы ағайындар электр жарығы мәселесін көтерді. Халық қалаулысы бұл түйткілді назарға алып, шешімін табу жолдарын қарастыруға уәде етті.


- Депутат – тек мінберде сөз сөйлейтін адам емес, халық пен билік арасындағы алтын көпір. Әрбір мәселе өз шешімін табуы үшін біз үнемі елмен бірге болуымыз керек,-деді депутат Е.Аманбаев.

Бөлісу