ТҮРКІСТАН: «Менің кәсібім» жобасы жемісін беріп жатыр

0
932

Аудан мен қалалардан 60-тан астам отбасының тізімі жасақталған.


ТҮРКІСТАН: «Менің кәсібім» жобасы жемісін беріп жатыр

Түркістан облысында «Менің кәсібім» пилоттық жобасы сәтті жүзеге асып келеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы әкімдігі мен «Менің кәсібім» жобасының жетекшісі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған болатын. Бүгінде облыс аумағында жоба аясында ілкімді істер атқарылып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі, жоба авторы Айжан Нұрланова мәлімдеді.

Оның айтуынша, жобаның мақсаты – көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналарға және отбасында мүмкіндігі шектеулі мүшелері бар жағдайы өте төмен, нағыз мұқтаж отбасыларға кәсіп ашуына қолдау көрсету.

«Бүгінде облыста аудан мен қалалардан 60-тан астам отбасының тізімі жасақталған. Түркістан қаласынан - 16, Кентау қаласынан - 11, Арыс қаласынан - 12, Ордабасы ауданынан - 10, Бәйдібек ауданынан - 4, Ордабасы ауданынан - 11 отбасы арнайы тізімге алынған. «Менің кәсібім» жобасының мамандары мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жобаға қатысуға ниет білдірген отбасылардың үйлеріне барып түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Отбасыларға қажетті құрал-жабдықтар тізімі алынды. Тізім бойынша барлығы 64 отбасыға қажетті қаржы 14 млн 515 мың теңгені құрап отыр. Алдағы уақытта болашақ кәсіп иелеріне тиісті көмек көрсетілетін болады», - деді жоба авторы.

Айта кетерлігі, Арыс, Түркістан, Кентау қалалары мен Отырар аудандарында кәсіп ашуға қажетті жабдықтан алынған.