Қажетті отынмен қамтылып жатыр.
Түркістан облысында мектептерді жылу маусымына дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Өңірдегі жылу маусымына дайындық жұмыстарына сәйкес, 1 279 білім нысандарын гидравликалық сығымдаудан өткізу жұмыстары 1 125 нысанға немесе 88%-на жүргізілді.
Атап айтсақ, білім беру мекемелеріне қажетті 107 мың тонна қатты отын (көмір) және 3,5 мың тонна сұйық отынмен (диз.топливо) қамтамасыз ету жоспарланған. Қазіргі таңда, тасымалдау жұмыстары 40%-ға орындалып, келісім-шартқа сәйкес орындалатын болады.